Тағыда бір жаңалық осы жерде ресми түрде Кенжеғұл Социалұлы Нұр Отан партиясына мүшелікке қабылданды. Ректордың атынан жане Нұр Отан партиясы Медеу ауданының филиалының бірінші орынбасары атынан алғыс хаттар берілді. Біз барлық голбол федерациясының әкімшілігі жане ойыншылар атынан Қазақ Ұлттық педогогикалық Университетінің ректоры Дархан Нұрланұлына, Медеу ауданының әкімшілігіне және Медеу аудандық Нұр Отан партиясының бірінші төрағасы Олжас Әбілхайырұлына жәнеде барлық осы кештің болуына үлес қосқан азаматтарға шын жүрегімізбен алғысымызды білдіреміз. Біздің спортшылар биіктен көрінуіне сенімдіміз. Жақсы күндерде кездескенше.
Кеше қасиетті жұма күні өте жақсы жаңалықтар болды

Бірінші жаңалығымыз Медеу аудандық Нұр Отан партиясы филиалының қолдауымен, "Кедергісіз келешек" партиялық бағдарламасы жобасы аясында Қазақстан голбол федерациясы жане Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің арасында ынтымақтастық Меймарандумына қол қойылды. ҚазНПУ-дың ректоры Дархан Нұрланұлы біз параолимпиадалық спортты әрқашанда қолдауға дайынбыз, Университет атынан жастарға, спортшыларға сәттілік тілейміз. Голбол федерациясының атынан Елибакиев Мусрят бізді соңғы 5 жылда қолдап журген Қазақ Ұлттық университетінің басшыларына жаңа басшысы Дархан Нұрланұлына алғыс білдіреміз. Өз атымыздан жеңіске жетуге Францияда болатын 2024 жылғы Паралимпиадалық ойынға лицензия алуға үлесімізді қосамыз деп ниет білдірді. Ал голбол ұлттық командасының атынан капитан Кенжеғұл Социалұлы өзінің нөмері бірінші футболкасын Қазақ Ұлттық Университетінің ректорына сиға тартты.