Голболдан Алматы қаласы Медеу әкімінің Кубогы

11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласының Медеу әкімшілігінің қолдауымен, Нұр-Отан партиясымен Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университетінің қоштауымен, Қазақстан голбол федерациясының ұйымдастыруымен еліміздің 30-жылдық тәуелсіздігіне орай Республикалық деңгейдегі Медеу әкімінің кубогі өткізілді. Түркістан мен Казығұрт, Таразбен Жамбыл обылысы, мектептің үлкен кіші командалары, Талдықорған мен Қарасай және Алматы қаласымен Алматы облысы командаларына қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы кубогті өткізуге мұрындық болған Медеу әкімшілігіне және әкімі Масабаев Әсет Дүйсебекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.