Бірінші жаңалығымыз Медеу аудандық Нұр Отан партиясы филиалының қолдауымен, "Кедергісіз келешек" партиялық бағдарламасы жобасы аясында Қазақстан голбол федерациясы жане Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің арасында ынтымақтастық Меймарандумына қол қойылды. ҚазНПУ-дың ректоры Дархан Нұрланұлы біз параолимпиадалық спортты әрқашанда қолдауға дайынбыз, Университет атынан жастарға, спортшыларға сәттілік тілейміз. Голбол федерациясының атынан Елибакиев Мусрят бізді соңғы 5 жылда қолдап журген Қазақ Ұлттық университетінің басшыларына жаңа басшысы Дархан Нұрланұлына алғыс білдіреміз. Өз атымыздан жеңіске жетуге Францияда болатын 2024 жылғы Паралимпиадалық ойынға лицензия алуға үлесімізді қосамыз деп ниет білдірді. Ал голбол ұлттық командасының атынан капитан Кенжеғұл Социалұлы өзінің нөмері бірінші футболкасын Қазақ Ұлттық Университетінің ректорына сиға тартты.

11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласының Медеу әкімшілігінің қолдауымен, Нұр-Отан партиясымен Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университетінің қоштауымен, Қазақстан голбол федерациясының ұйымдастыруымен еліміздің 30-жылдық тәуелсіздігіне орай Республикалық деңгейдегі Медеу әкімінің кубогі өткізілді. Түркістан мен Казығұрт, Таразбен Жамбыл обылысы, мектептің үлкен кіші командалары, Талдықорған мен Қарасай және Алматы қаласымен Алматы облысы командаларына қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Осы кубогті өткізуге мұрындық болған Медеу әкімшілігіне және әкімі Масабаев Әсет Дүйсебекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.